Юлия Путинцева Рабаттағы турнирдің жартылай финалына шыға алмады

25 Мамыр 2023, 23:27
524
Бөлісу:
Юлия Путинцева Рабаттағы турнирдің жартылай финалына шыға алмады
Фото: Қазақстан теннис федерациясы

Қазақстандық екінші, әлемнің 61-ракеткасы Юлия Путинцева Рабаттағы (Марокко) WTA 250 турнирінің ширек финалындағы матчын өткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Юлия Путинцева рейтингіде 195-сатыдағы аргентиналық Юлия Риерамен ойнады.

Бірінші сетте қазақстандық 7:5 есебімен жеңді, ал кейінгі екі сетте 6:4, 6:2 есебімен ұтылды.

Бұған дейін Юлия Путинцеваның Рабат WTA 250 турнирінің ширек финалына шыққан еді. Қазақстандық теннисші екінші айналымда әлемнің 129-ракеткасы, франциялық Леолия Жанжанды ұтқан еді.

Өзгелердің жаңалығы