Юлия Путинцева Madrid Open турнирін жеңіспен бастады

25 Сәуір 2023, 23:50
774
Бөлісу:
Юлия Путинцева Madrid Open турнирін жеңіспен бастады
Фото: zakon.kz

Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева Madrid Open турнирін жеңіспен бастады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Юлия Путинцева америкалық теннисші, әлемнің 55-ракеткасы Клер Лимен ойнады. Есеп 6:4, 6:4.

Матч 1 сағат 45 минутқа созылды.

Юлия Путинцева матч кезінде бір эйс орындап және бірде-бір қос қателік жасамады. Енді ол турнирдің келесі кезеңінде франциялық теннисші, әлемнің 4-ракеткасы Каролин Гарсиямен ойнайды.

Қазақстандық теннисші бір күн бұрын WTA рейтингісінде 6 саты төмен түсіп, 45-орыннан 51-орынға жайғасқан еді.

Айта кетейік, Қазақстанның бірінші, әлемнің 6-ракеткасы Елена Рыбакина да Мадридтегі турнирге қатысып жатыр. Оның жекелей сындағы алғашқы ойыны 27 сәуірге жоспарланған. Алайда кіммен ойнайтыны әлі хабарланбады.

Өзгелердің жаңалығы