Қазақстанның екінші, әлемнің 73-ракеткасы Юлия Путинцева Бейжің WTA 1000 турнирінің бірінші айналымында чех теннисшісі Мария Боузковамен (әлемдік рейтингте 30-орын) шеберлік байқасты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Жекпе-жектің фавориті саналғанына қарамастан чех спортшысын Юлия Путинцева екі сетте: 6:2, 7:6 (7:5) есебімен жеңіп кетті.
Енді Юлия Путинцева 1/8 финалға шығу үшін әлемнің 10-ракеткасы, француз теннисшісі Каролин Гарсия немесе рейтингте 88-орында тұрған украиналық Катерина Байндлдің біреуімен бақ сынасатын болады.