Қытайда коронавирустан қаза тапқандар саны 1000-нан асты

11 Ақпан 2020, 09:10
1206
Бөлісу:
Қытайда коронавирустан қаза тапқандар саны 1000-нан асты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Өткен тәулікте 108 адам қайтыс болды. Тағы 2019-nCoV жұқтырған 42 адам тіркелді.

Қытайда коронавирустан қайтыс болғандар саны 1016 адамнан асты. 42 мыңнан астам адам жұқтырды. Бұл туралы 11 ақпанда ҚХР Мемлекеттік гигиена және денсаулық сақтау мәселелері жөніндегі комитеті хабарлады.

Мұнымен бірге Қытайда 3996 адам емделіп, ауруханадан шықты.
10 ақпан күні түн жарымға дейінгі жағдайға сәйкес, денсаулық сақтау мәселелері жөніндегі комитетке 31  провинциядан (аудандар, орталықтан басқару қалаларынан) 42 638 адам пневмония жұқтырды, оның ішінде қазір 37 626 адам ауырып жатыр (7333 адам ауыр халде), 3996 адам ауруханадан шығарылды және 1016 адам қайтыс болды деген мәлімет түсті, - делінген ведомство жариялаған хабарламада.

Соңғы тәулікте Қытайда 108 адам қаза тапты және жаңадан 2,4 адам жұқтырған.

Гонконгта 42 адам (біреуі қайтыс болды), Макаода 10 адам, Тайванда 18 адам коронавирус жұқтырған.
Өзгелердің жаңалығы