Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қытайдың шығысындағы Тайчжоу қаласы маңында бензовоздың жарылуынан қаза тапқандар саны 19-ға жетті. Бұл туралы CGTN телеарнасы хабарлады.
Қазір 172 адам түрлі жарақаттармен ауруханада жатыр.
Айта кетейік, 13 маусымда G15 жүрдек тас жолында Шэньян-Хайкоу автоцистернасы жарылды.
Алдын ала анықталғандай, сұйытылған газ болған цистернаны тірейтін сүйрегіш тас жолдан шығып кетіп, пайда болған жарылыс толқыны цистернаны ауаға лақтырған.
Ол 100 метрден астам ұшып өтіп, жол жанындағы зауыт құрылыстарына құлайды. Салдарынан екінші жарылыс болады. Шоссе учаскесінің жанында орналасқан елді мекендегі көптеген ғимарат қирап, адамдар үйіндінің астында қалады.
Оқиға орнында өрт сөндірушілер, құтқарушылар, дәрігерлер мен қарулы полиция жұмыс істеп жатыр. Іздестіру-құтқару жұмыстары жалғасуда.