Қытай ғалымы коронавирустың ең қауіпті тұсын атады

10 Мамыр 2020, 14:40
2759
Бөлісу:
Қытай ғалымы коронавирустың ең қауіпті тұсын атады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қытай вирусологы, профессор Чжун Наньшань коронавирустың ең қауіпті тұсы инфекцияның жоғары жылдамдығы екендігін айтты, деп хабарлады ria.ru сайты.

Маманның айтуынша, коронавирус тудыратын ауру мезгілдік тұмау, ЖРВИ немесе коронавирустың басқа да түрлері тез және оңай беріледі, сондықтан онымен күресу үшін төрт компонент қажет: ерте қорғану, ерте анықтау, ерте диагностика жасау және ерте оқшаулану.

Наньшань қол жуу, бетперде мен қолғаптарды кию және әлеуметтік қашықтықты сақтау сияқты қорғану жеке шаралары жететінін түсіндірді.
Індетті ерте анықтау үшін қоғамдық орындарда температураны өлшеу қажет. Сонымен қатар, адамдар өзін-өзі емдеумен айналыспауы керек, егер коронавирус симптомдары анықталса, яғни, әлсіздік, жоғары температура, құрғақ жөтел және шаршау байқалса,  дәрігерге жүгінген абзал. Ғалым үй жағдайында емделудің мүмкін еместігін атап өтті.

Профессордың айтуынша, ерте оқшаулау дені сау адамдармен жұқтырылған науқастардың байланыстарын  барынша азайту үшін қажет.
Өзгелердің жаңалығы