Ыстық су тарифі бір жылда 15% қымбаттады

16 Наурыз 2021, 17:15
2741
Бөлісу:
Ыстық су тарифі бір жылда 15% қымбаттады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2021 жылғы қаңтарда сумен қамтамасыз ететін компаниялар 236,4 млн текше метр табиғи су жеткізді — бір жыл бұрынғыға қарағанда 3,8%-ға артық. Оның ішінде ауызсумен қамтамасыз ету 92,4 млн текше метрді (жылына 2,5% қосу), ішуге қолданылмайтын сумен қамтамасыз ету — 144 млн текше метрді (плюс 4,6%) құрады.

Ауызсудың 21,7% Алматыға тиесілі, 20 млн текше метр жылына 7,3%. Одан кейін Қарағанды облысы мен Нұр-Сұлтан қаласы. Ішуге жарамсыз судың ең көп мөлшері дәстүрлі түрде Маңғыстау облысына тиесілі 69,7% немесе 100,4 млн текше метр, оған қоса жылына 6,9%. Ішуге қолданылмайын судың айтарлықтай көлемі Қарағанды және Шығыс Қазақстан облыстарына да жеткізіледі.

Жалпы 2020 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында 3 млрд текше метр табиғи су жеткізілді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 1,1%-ға көп.

Ыстық су тарифі бір жылда 15% қымбаттады

Сумен жабдықтау, қалдықтарды жинау, өңдеу және жою, сондай-ақ ластануды жою қызметінің құны 2021 жылғы қаңтарда 20,1 млрд теңге болды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 5,8%-ға артық. Инфляцияны ескере отырып, сектордағы өсім 2,1%-ды құрады.

Оның ішінде суды жинауға, өңдеуге және бөлуге 9 млрд теңге, қалдықтарды өңдеуге және жоюға, сондай-ақ материалдарды кәдеге жаратуға және қалпына келтіруге 7,9 млрд теңге, сарқынды суларды жинауға және өңдеуге 3,2 млрд теңге болды.

ИИДМ Құрылыс және ТКШ істері комитетінің деректеріне сәйкес, 2020 жылы өңірлерде 113 млрд теңгеге 300-ден астам жоба (қалаларда 49,3 млрд теңгеге 70 жоба және ауылдарда 63,7 млрд теңгеге 234 жоба) іске асырылды. 2021 жылы сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін дамыту бойынша 125 млрд теңгеге 319 жоба іске асырылуда. Олардың есебінен сумен жабдықтау қызметтеріне қолжетімділікті қамтамасыз ету көрсеткішін қала тұрғындары үшін 98%-ға дейін және ауыл тұрғындары үшін 91,8%-ға дейін жеткізу жоспарлануда.

Ыстық су тарифі бір жылда 15% қымбаттады

2021 жылғы қаңтарда сумен жабдықтау саласындағы инвестициялар 5,8 млрд теңгені құрады, бұл былтырғыға қарағанда 11,4%-ға артық.

 Сектордағы барлық инвестицияның 69,2%-ы Алматы, Қызылорда және Қостанай облыстарына тиесілі.

Ыстық су тарифі бір жылда 15% қымбаттады

Бұл ретте үш өңірге — Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан және Түркістан облыстарына ағымдағы жылдың бірінші айында инвестиция түскен жоқ.

Ағымдағы жылдың ақпан айында ыстық су ел тұрғындары үшін былтырғыға қарағанда 14,9%-ға қымбаттады — текше метр үшін 268,2 теңгеден.

 Ыстық су тарифі бір жылда 15% қымбаттады

Суық су бір жыл ішінде шамалы, бар болғаны 1,3%-ға, 2021 жылғы ақпанда текше метр үшін 69,6 теңгеге дейін қымбаттады. Ең қымбат суық су - Ақтауда, ал ең арзан су - Оралда.

Өзгелердің жаңалығы