Қырғызстан мен Тәжікстан шекарада қауіпсіздік шараларын күшейтуге келісті

4 Қараша 2019, 16:50
2868
Бөлісу:
Қырғызстан мен Тәжікстан шекарада қауіпсіздік шараларын күшейтуге келісті

Алматы, BAQ.KZ. Қырғызстан мен Тәжікстанның арнайы қызметі және шекара ведомство өкілдері екі ел арасындағы шекара қауіпсіздігін күшейтуге келісті. Бұл туралы Қырғызстан ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитеті хабарлады.

Кездесу барысында екі ел арасындағы шекаралас аумақтардағы қауіпсіздік мәселесі қаралды. Сонымен қатар, терроризм мен экстремизге қарсы күресте ведомствоаралық әріптестіктің тиімділігін арттыру  сөз етілді,-делінген хабарламада.
Келіссөздар Тәжікстанның солтүстігіндегі Исфара қаласында өткен. Сондай-ақ, Қырғызстан мен Тәжікстан арасындағы шекараны белгілеу мен межелеу келіссөзі жасалған.

Қазір екі ел арасын бөліп тұрған шекараның ұзындығы 970 шақырымды құрайды. Онда 70-ке жуық даулы жер бөлігі бар. Осы мәселе екі елдің тұрғындары арасында дау тудырып, арты  шиеленіске ұласып жатады.

Өзгелердің жаңалығы