Йога, үнді биі: Үнді мәдени орталығында тегін курстарға жазылуға болады

29 Желтоқсан 2021, 19:14
2261
Бөлісу:
Йога, үнді биі: Үнді мәдени орталығында тегін курстарға жазылуға болады
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елордада Үндістан елшілігі жанынан ашылған мәдени орталықта тегін сабақтарға жазылуға болады.

Бұрын Үнді мәдени орталығы ретінде танымал Свами Вивекананда мәдени орталығы (SVCC) 1994 жылы мамырда Алматы қаласында Үндістан мен Қазақстан арасында мәдени қарым-қатынас орнату және нығайту мақсатында құрылды. Орталық 2007 жылы елшілікпен бірге Алматыдан Астанаға көшірілді.

Йога, үнді биі: Үнді мәдени орталығында тегін курстарға жазылуға болады

1994 жылы құрылғаннан бері SVCC әртүрлі мәдени іс-шаралармен, соның ішінде йога, би және хинди сабақтарын өткізумен, Үнді фестивальдерін тойлаумен, студенттерінің мәдени қойылымдарын ұйымдастырумен, Үндістанды зерттеу орталықтарын құрумен, үнді фильмдері мен деректі фильмдерін көрсетумен, Қазақстанда шақырылған Үнді мәдени труппаларының және Үндістандағы қазақстандық мәдени труппалардың өнер көрсетулерін ұйымдастырумен айналысады. 

Йога, үнді биі: Үнді мәдени орталығында тегін курстарға жазылуға болады

Сондай-ақ орталықта кітапхана бар.

Орталықта йога, би және Музыка сабақтары тегін өткізіледі және қызығушылық танытқан адамдар SVCC-ке хабарласып, тіркеле алады.

SVCC сонымен қатар Нью-Делидегі Үндістанның мәдени байланыстар жөніндегі кеңесі (ICCR) стипендиясының Жалпы бағдарламасы бойынша үнді университеттерінде жоғары білім алуға стипендия тағайындайды. Қосымша ақпарат алу үшін қызығушылық танытқан студенттер http://a2ascholarships.iccr.gov.in/ порталына кіре алады.

Орталықта елордалық қыз-келіншектерге арналған энергетикалық шеберлік сабағы өтті. Онда мамандар чакралар мен олармен байланысты тастар туралы білімдерімен бөлісіп, йога жаттығуларын көрсетті.

Йога, үнді биі: Үнді мәдени орталығында тегін курстарға жазылуға болады

Физикалық чакрадағы дене және эмоционалдық блоктар – Муладхара деп аталады. Түбір чакра немесе муладхара өмірлік қуат пен қорқынышқа жауап береді және адамның материалдық физикалық әлеммен байланысын бейнелейді. Ашық муладхара чакра тыныштық пен болашаққа сенімділік сезімін береді, жоспарларды жүзеге асыру үшін қажетті қуат береді. Керісінше, энергияның және өмір сүруге деген ерік-жігердің жетіспеушілігі, жаман көңіл-күй - мұның бәрі чакраның үйлесімсіз жұмыс істейтінінің кейбір белгілері. Әл-ауқат тұрғысынан бұл летаргияда, арқа ауырсынуында көрінуі мүмкін, - дейді Чакролог-нумеролог, арт-терапевт Жадыра Медетбаева.

Одан бөлек, зергерлік бұйымдар дизайнері Әсел Арен де зергерлік бұйымдар көмегімен энергияны қалай нығайтуға болатынын, тастарды қалай таңдау керегін айтып берді.

Йога, үнді биі: Үнді мәдени орталығында тегін курстарға жазылуға болады

Оның сөзінше, зергерлік бұйымдарды уақытда тазалап отыру керек. Бұйымның неден жалғанына қарай оны тұзбен не сумен тазалау қажет. Маманның пайымдауынша, зергерлік бұйымдармен энергетикалық күйді де анықтауға болады.

Шеберлік сабағына қатысқан елордалық қыз-келіншектер іс-шараның пайдалы тұсын айтып, ұйымдастырушыларға алғыстарын жеткізді.

Айта кетейік, Свами Вивекананда мәдени орталығы Нұр-Сұлтан қаласы, Қарашаш Ана көшесі №35/2 мекенжайында орналасқан.

Өзгелердің жаңалығы