Әскери қызметкер өзіне қол жұмсамақ болған әйелді құтқарып қалды

6 Мамыр 2020, 11:55
1518
Бөлісу:
Әскери қызметкер өзіне қол жұмсамақ болған әйелді құтқарып қалды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Курчатов қаласындағы 3514 әскери бөлімінің  әскери қызметкері аға сержант Думан Боғасбаев өзіне қол жұмсамақ болған әйелді құтқарып қалды. Бқл туралы "Шығыс" өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі хабарлады.

5 мамыр күні  сағат 19:30 шамасы. Курчатов қаласындағы 3514 әскери бөлімінің  әскери қызметкері аға сержант Думан Боғасбаев өз үйінің балконында тұрған сәтте қарама-қарсы  қираған ескі тұрғын үйдің 4-ші қабатынан төменге секіруге оқталған әйелді байқап қалады. Оқиға жайлы бірден полиция бөліміне хабар берген Думан дереу Школьная 2, көшесіндегі  қираған үйге жетеді. Ғимараттың артқы жағынан айналып кіріп, 4-қабатқа көтеріліп, төменге секіруге дайындалған әйелді ішке тартып кіргізіп алады. Өзіне қол жұмсамақ болған әйелді қауіпсіз орынға шығарып алады. Кейін оқиға орнына полиция қызметкерлері келген. 

Шынымды айтсам,  бұл жағдайда әйелді  үгіттеуге, қателік жасамауға өтініп тұратындай уақыт болған жоқ. Өз өміріне балта шаппай тұрғанда, шапшаң қимылдап, тез құтқарып қалу керек болды.  Өйткені, өзіңіз түсінесіз  ғой, бұл жерде ең әуелде  адам өміріне қауіп төніп тұрды, - дейді аға  сержант Думан Боғасбаев.
Қазіргі таңда құзырлы органдар әйелді суицидке не итермелегенін анықтап жатыр.



Өзгелердің жаңалығы