«Яссауи ізімен»: Әзірет Сұлтан музейі мен TIKA меморандумға қол қойды

1 Маусым 2021, 18:40
1910
Бөлісу:
«Яссауи ізімен»: Әзірет Сұлтан музейі мен TIKA меморандумға қол қойды
PHOTO
Фото: Артём Чурсинов

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін елордада Түрік ынтымақтастық және үйлестіру агенттігі (TIKA) мен Түркістан қаласындағы «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі меморандумға қол қойды.

Түркия - Түркі мемлекеттерінің арасында «Яссауи ізімен» жобасына қызығушылық танытқан ел. Осы ретте бүгін «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің директоры Нұрболат Ахметжанов пен Түрік ынтымақтастық және үйлестіру агенттігінің (TIKA) Қазақстандағы өкілі Исмаил Гүрлек меморандумға қол қойды.

«Яссауи ізімен»: Әзірет Сұлтан музейі мен TIKA меморандумға қол қойды

«Яссауи ізімен» жобасы 2019 жылы қолға алынған.

«Яссауи ізімен» жобасының басты мақсаттарының бірі – Яссауи ілімін, оның өмірін, шығармашылығын зерттеу. Бұл құжат «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі мен TIKA-ның «Яссауи ізімен» жобасын іске асыруда бірлесе жұмыс істеуіне өз септігін тигізеді.

«Яссауи ізімен»: Әзірет Сұлтан музейі мен TIKA меморандумға қол қойды

«Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің директоры Нұрболат Ахметжанов ТІКА-мен Яссауидің мұраларын зерттеу, насихаттау тұрғысында бірлесе ауқымды іс-шараларды жүзеге асыратындарын айтты.

«Яссауи ізімен»: Әзірет Сұлтан музейі мен TIKA меморандумға қол қойды

Алдына осынау мақсаттарды қойған «Яссауи ізімен» жобасы қарқынды түрде жүзеге асырылып жатыр. Яссауидің ілімін оның шәкірттері әлемнің 100-ден астам мемлекетінде насихаттаған. Сондықтан қазіргі таңда Яссауидің ашылған беттері көп, осыларды зерттеп, насихаттауымыз керек. Сондай-ақ жоба аясында табылған тың дүниелерді кітап ретінде немесе басқа да материал етіп шығару қажет. Мәселен, көптеген «насапнама» табылып жатыр. Олардың арасынан бұрын-соңды тарихта кездеспеген тың дүниелер шығып жатыр. Осыларды зерттеп, кітап етіп шығарсақ, онда бұл Түркі елдерінің ортақ мәдени мұрасына айналады деп ойлаймыз, - деді ол.

Музей директорының сөзінше, жобаның алға қойған мақсаты көп. Осы ретте музей TIKA-мен уағдаласып, меморандумға қол қойды.

«Яссауи ізімен»: Әзірет Сұлтан музейі мен TIKA меморандумға қол қойды

Сонымен қатар Түрік ынтымақтастық және үйлестіру агенттігінің (TIKA) Қазақстандағы өкілі Исмаил Гүрлек меморандумның маңыздылығын түсіндіріп берді.

Түркістан әлемінің ұлысы Қожа Ахмет Яссауи хазреттері - өзінен кейінгі артынан ерген ұрпақтары, шәкірттері арқылы түркі әлеміне ғана емес, жалпы әлемге бағыт-бағдар беруші шырағдан. Осыған орай, ТІКА-ның Қазақстандағы өкілдігінің себепкер болуымен 13 ғасырға тиеселі қазынаның ортаға шығуына қолжеткізуге бастама жасалып жатыр. Ақылдаса отырып, басшылықтың қолдауымен Түркістанға зиярат жасадық. Осы мақсатта бүгін Түркия Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің жанындағы Түрік ынтымақтастық және үйлестіру агенттігі және ҚР Мәдениет және спорт министрлігі қарамағындағы «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі арасында жасалатын меморандум жасалған істердің, кездесулердің нәтижесі болмақ, - деп түсіндірді ол.

«Яссауи ізімен»: Әзірет Сұлтан музейі мен TIKA меморандумға қол қойды

Оның айтуынша, осы жоба аясында TIKA 13 ғасырға тиесілі байлықты реставрация жасау, оның электрон нұсқасын дайындау және оны түрік тіліне аударып, кітап етіп шығарып, түркі әлеміне таратуға атсалысады.

Меморандум аясында жүзеге асырылатын жобаларды Түркия тарапы қаржыландырады.

Өзгелердің жаңалығы