ҚР елшісі Ямайканың генерал-губернаторына сенім грамоталарын тапсырды

13 Наурыз 2019, 15:47
2791
Бөлісу:
ҚР елшісі Ямайканың генерал-губернаторына сенім грамоталарын тапсырды

Астана, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасының елшісі Андриан Ямайканың Генерал-губернаторы Патрик Линтон Алленге сенім грамоталарын табыстады.

Келіссөздер барысында елдеріміз арасындағы қарым-қатынастардың қазіргі жағдайы мен даму перспективаларының мәселелері кеңінен талқыланды. Қазақстандық дипломат Ямайка басшылығын еліміздің халықаралық бастамаларымен таныстырды.

Тараптар екі мемлекет арасындағы байланыстардың белсенділік деңгейінің төмен болғанын ескере отырып, сауда-экономикалық, туризм, мәдениет және заңдық салаларда ынтымақтастықты арттыру үшін келісім-шарт базасын жетілдіруге келісті.

А.Елемесов Елбасының ҚР Сыртқы істер министрілігінің алдында қойған инвестицияларды тарту, қазақстандық өнімдерді ілгерілету және экономикалық дипломатияны нығайту бойынша мақсаттарды түсіндіру үшін дипломатиялық апта шеңберінде Ямайканың Үкімет басшысы Эндрю Холнесс, сыртқы істер министрі Камина Джонсон Смит, ұлттық қауіпсіздік министрі Хорас Чанг, индустрия және ауыл шаруашылық министрі Одли Шом, туризм министрі Эдмонд Бартлетт, қаржы министрі Найджел Кларк және Сауда палатасының төрағасы Лойд Дистантпен келіссөздер өткізді.

 

Өзгелердің жаңалығы