Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ядролық қаруды таратпау туралы шарттың күшіне енуінің 50 жылдығына орай ҚР Сыртқы істер министрлігі мәлімдеме жасады. Бұл туралы министрліктің баспасөз қызметі хабарлады.
50 жыл бұрын, 1970 жылғы 5 наурызда Ядролық қаруды таратпау туралы шарт (ЯҚТШ) күшіне енді. Аталған шарт ядролық қарудың таралуына жол бермеуге және түпкі қорытындысында оның толық жойылуына, сондай-ақ атом энергиясын бейбіт мақсатта қолдануға жәрдемдесуге бағытталған халықаралық күш-жігердің іргетасы болып табылады.
Ядролық және ядросыз мемлекеттер арасындағы уағдаластыққа негізделген өзге халықаралық келісім болмағандықтан, ЯҚТШ теңдессіз бірегей құжат болып қалуда.
1992 жылғы 23 мамырда Беларусьпен және Украинамен бірге Стратегиялық шабуыл қаруларын азайту және шектеу туралы КСРО мен АҚШ арасындағы шартқа Лиссабон хаттамасына қол қойып, біз өзімізге ЯҚТШ-қа ядролық қарусыз мемлекет ретінде қосылу туралы міндеттеме алдық. Бұл оқиға, ядролық қарудан азат әлемге қол жеткізудің ізгілікті ұмтылыстарына негізделген, еліміздің сыртқы саяси бағытын іске асыруда маңызды кезең болды, - делінген хабарламада.
Бұның алдында Семей сынақ полигонын жабу, ядролық мәртебеден бас тарту және КСРО құлдырауынан кейін мұра болып қалған барлық ядролық қаруды Қазақстанның аумағынан шығару туралы ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың ақылға салынған және көреген шешімімен байланысты ірі жұмыс атқарылды. Қазақстандық басшының берген нұсқаларының негізінде, мемлекеттің ядролық қарусыз жолға бейімделген даму бағыты айқындалды.
Алдағы, 2020 жылғы ЯҚТШ Шолу конференциясы осыған дейін өткен конференциялардағы шешімдерді бекітіп қана қоймай, болашақтағы кезеңге нақты тамсырмаларды айқындауы тиіс.
ЯҚТШ барлық қатысушылары тарапынан үш фундаменталдық бөліктердің – қарусызданудың, таратпаудың және атом энергиясын бейбіт мақсатта қолданудың бірлігіне негізделген міндеттемелерін мүлтіксіз орындауына қол жеткізу қажет.
2019 жылғы 29 тамызда, Ядролық сынақтарға қарсы іс-қимылдардың халықаралық күні Ядролық қаруға тыйым салу туралы шартқа қосылды. Біз бұл Шартты ЯҚТШ-ны толықтыратын элемент ретінде қарастырамыз, - деп хабарлады СІМ-де.
Қазақстан Елбасының 2045 жылы БҰҰ жүз жылдық мерейтойына дейін ядролық қауіп-қатерден азат әлемге қол жеткізуге бағытталған бастамасын іске асыруды жалғастыруға ниетті.