«WorldSkills Kazakhstan 2021» VI Республикалық чемпионатының жеңімпаздары марапатталды

10 Желтоқсан 2021, 22:08
1320
Бөлісу:
«WorldSkills Kazakhstan 2021» VI Республикалық чемпионатының жеңімпаздары марапатталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов «WorldSkills Kazakhstan 2021» VI Республикалық чемпионатының жабылу салтанатына қатысты.

Чемпионатының жабылу салтанатында еліміздің  түрлі өңірлерінде оқитын 188 колледж және жоғары оқу орындарының студенті жүлдегерлер атанды.
180 колледж заманауи жабдықтармен жабдықталған, сәйкесінше, жаңа білім беру бағдарламалары енгізілді. Соның арқасында биыл чемпионатты жаңа форматта өткізе алдық. Егер бұған дейін чемпионат елордада өткізілсе, биыл республикалық кезең еліміздің 11 өңірінде орналасқан алдыңғы қатарлы 38 колледж базасында ұйымдастырылды, – деді министр.

Сонымен қатар жарыс нәтижелерін объективті бағалауды қамтасыз ету үшін биыл жаңа халықаралық бағалау жүйесі енгізілді.
Чемпионат өткізілетін құзыреттіліктер саны да артты. Оның ішінде «Киберқауіпсіздік», «Ұшқышсыз ұшу аппараттарын басқару» және т.б. жаңа құзыреттіліктер пайда болды. Осылайша, биыл сайыс 46 құзыреттілік бойынша өтті. Чемпионаттың өткізілуіне қатысқан сарапшылар қатысушылардың дайындық деңгейлерінің жоғарылағандығын айтты. Сонымен қатар, келісілген шарттар нәтижесінде 70-тен астам жүлдегер еліміздің ірі компанияларынан жұмысқа шақырту алды. «СарыаркаАвтоПром», «1С-Рейтинг», «АгромашХолдинг KZ», «Kaz Minerals Aktogay», «Аэропорт «Сары-Арка», «Автодом Motors KST» және тағы да басқа жұмыс берушілер бүгін конкурс жүлдегерлеріне шақырту табыстады, – деді Асхат Аймағамбетов.

Республикалық кезеңге еліміздің барлық өңірінен 600-ден астам жас маман қатысты.

Олар түрлі ресми, демонстрациялық және презентациялық құзыреттіліктер бойынша өз дағдыларын көрсетті.
Біз WorldSkills әлемдік қозғалысына 2015 жылы қосылып, 50 орынды иеленген болатынбыз. Қазір әлемдік рейтингте өз позициямызды күшейтіп, 14 орынға дейін көтерілдік. Енді осы жылдың жеңімпаздары 2022 жылы Шанхай қаласында өтетін халықаралық чемпионатта ел намысын қорғайтын болады. Жұмысшы мамандықтардың жас мамардарына алғыс айтамын. Жүлдегерлерге әлемдік деңгейде өтетін жарыста сәттілік тілеймін!, – деді білім министрі.

Өзгелердің жаңалығы