«WorldSkills» чемпионаты студенттерді бизнеспен бір алаңда тоғыстырады

17 Қараша 2023, 19:46
455
Бөлісу:
«WorldSkills» чемпионаты студенттерді бизнеспен бір алаңда тоғыстырады
Фото: ОКҚ

Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігі Техникалық және кәсіптік білім беру департаменті директорының м.а. Ақзира Қасымова Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

БАҚ өкілдерінің «WorldSkills» жобасы аясында жұмыс берушілердің қызғушылығы қандай?» деген сауалдарына облыс әкімі жауап берді.

Бұл «WorldSkills» бізді бизнеспен бір алаңда тоғыстыратын чемпионат деп айтсам болады. Себебі бизнестің осы чемпионатқа деген қызығушылығы артты. 500-ден астам бизнес өкілдерімен бірлесіп жұмыс жүргіздік. Бизнес өкілдерінен бірінші сарапшыларды аламыз. Одан бөлек, қай кәсіпорынға қандай маман керек, сарапшылармен бірге оқу бағдарламасын жасап, қажетті кадрларды даярлаймыз. Мемлекет тапсырмасымен 20 мың бала оқып жатыр. Сондай-ақ, кәсіпкерлер «WorldSkills» чемпионатының мықты мамандарын кадр ретінде қабылдуға мүмкіндігі бар, – дейді Ақзира Қасымова.

Өзгелердің жаңалығы