Wildberries компаниясы Қазақстанда инвестициялық жобаны іске асырмақ

20 Тамыз 2020, 15:44
1298
Бөлісу:
Wildberries компаниясы Қазақстанда инвестициялық жобаны іске асырмақ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. 2020 жылдың соңына қарай Wildberries компаниясы елімізде инвестициялық жобаны іске асырып, бес мың жұмыс орны ашылады. 

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов айтты.

Бақыт Сұлтановтың айтуынша, инвестициялық жобаны іске асыру барысында аумағы 100 мың шаршы метрді құрайтын логистикалық орталық салынады. 

Бүгінде 42 қазақстандық бренд Alibabaда ұсынылған, тағы 3 компания витриналарын дайындауда. 21 қазақстандық компания Wildberries-те сауда жасайды. Сондай-ақ, сауда және интеграция министрлігі Ұлттық банкпен бірлесіп төлем жүйесі арқылы электрондық коммерцияны дамытуды ынталандыру мәселесі пысықталып жатыр, - деді министр. 

Министрліктің болжамы бойынша, осы жылдың соңына дейін 900 млрд теңге, ал 2022 жылға қарай онлайн сатып алу көлемі елдегі барлық бөлшек сауданың 2 триллионына немесе 13%-ына жетуі мүмкін.

Сұлтановтың айтуынша, 2025 жылға қарай электрондық коммерция үлесі нарықтың 15% - ын құрайтын болады.

Өзгелердің жаңалығы