WhatsApp Үндістан үкіметін сотқа берді

27 Мамыр 2021, 15:37
1512
Бөлісу:
WhatsApp Үндістан үкіметін сотқа берді

 

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. WhatsApp Үндістан үкіметін сотқа берді, деп жазды reuters.com.

Мәселе ел үкіметінің WhatsApp-ты ақпарат таратушы туралы мәліметті ұсынуға міндеттеуіне байланысты туындап отыр. Жаңа тәртіп заң бұзушылық бойынша күдікке ілінген мессенджер қолданушыларына қатысты болғанымен, WhatsApp пікірінше, бұл басқа адамдардың мәліметтерінің ашылуына жол береді.

Мессенджер арқылы берілетін хабарламалар арнайы шифрлармен қорғалады делінген. Бұл өз кезегінде хабарламаны жіберуші туралы ақпарат ашылса, оны алушы туралы да мәліметтер анық болады.

Хабарлама таратушы қосымшадан чаттарды бақылауды талап ету WhatsApp арқылы жіберілетін әр хабарламаның қолтаңбасын сақтауды сұраумен пара-пар. Бұл арнайы шифрлау талаптарын бұзады және адамдардың құпиялыққа қол жеткізуіне кедергі келтіреді, - делінген WhatsApp-тың хабарламасында. 

Үндістан үкіметінің өкілі мессенджер құқық бұзушылардың идентификациясын шифрді бұзбай анықтай алатынын алға тартты. Алайда сервистің шағымы қай кезде қаралатыны белгісіз.

Сарапшылардың пікірінше, сот процесі Үндістан үкіметі мен WhatsApp, Google және Twitter-ге иелік ететін Facebook сияқты технологиялық алыппен текетіресті ушықтырады.

Айта кетейік, өткен аптада Үндістан үкіметі барлық интернет платформалардан елдегі коронавирусқа қатысты жағдайға және коронавирустың үндістандық штамына байланысты контентті өшіруді талап еткен болатын.


 


 

 

Өзгелердің жаңалығы