What’s up-тағы ақпаратты тексермей жатып келесі бір топпен бөлісу - мәдениетсіздік

10 Мамыр 2022, 16:40
2318
Бөлісу:
What’s up-тағы ақпаратты тексермей жатып келесі бір топпен бөлісу - мәдениетсіздік

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Желмая жобасының бүгінгі кейіпкері  ҚР Парламенті Сенаты төрағасының кеңесшісі, «Бас редакторлар клубы» ҚБ президенті Бибігүл Жексенбай айтты.

Пандемия кезінде адамдардың психикасына кері әсер ететіндей дүниелер көбейді. Олар жауапсыз таратылды. Мәселен, «аспаннан у шашылып жатыр», немесе «қытайлар бүйтіп жатыр екен» деген біреудің шығара салған өсек-аяны бұл - жауапсыздық.

Айтуынша, ақпарат таратуда тек журналистер емес кез келген азаматтың жауапкершілігі болуы тиіс.

Соңғы жылдарда Норвегияда болдым. Ол елде балабақшадан бастап балаларға жауапкершілікті сіңдіреді. Олар балабақшадан бастап мемлекеттік тілге, отанына деген сүйіспеншілікті үйретеді. Және салық пен заң туралы балабақшадан біледі. Сол себепті біз мектеп жасынан бастап жауапкершілікті үйретуміз қажет, - деді Бибігүл Жексенбай.

Сондай-ақ Бибігүл Жексенбай БАҚ туралы заңға қатысты пікір білдірген болатын. 

Ақпараттық заманда көп өзгерістер бар. Біз сөз бостандығымызбен мемлекетімізге зиян келтіріп алмау тұстарын қараумыз қажет. Тек өзіміздің дәстүрлі медиадан басқа жаңа медианың түрлері көбейіп жатыр. Жасыратыны жоқ біз өз аудиториямыздың нақты кім екенін білмей қалдық. Сондықтан жаңа БАҚ дегеніміз -  дәстүрлі медиамен жаңа медианың бәсекеге қабілеттілігі. Осы ретте Мемлекет басшысы БАҚ-тың халық алдындағы және мемлекет алдындағы жауапкершілігін меңзеп отыр деп ойлаймын, - деді ол.

Өзгелердің жаңалығы