West Oil. Маңғыстаудың бірнеше ауылының тұрғындары мәлімдеме жасады
West Oil. Маңғыстаудың бірнеше ауылының тұрғындары мәлімдеме жасады
Қарақия ауданының Бостан, Сенек және Құланды ауылдарының жұмыссыз тұрғындары өздерін мұнай-газ секторында West Oil Software-дің жұмыстан босатылған қызметкерлердің орнына жұмысқа орналастыруды талап еткен бейнеүндеу жазды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл талапты олар бұрын Жетібай және Құрық ауылдарындағы жұмыссыздар түсірген осындай бейнеүндеулерден кейін айтты.
Бейнеүндеуде жұмыссыз қалған ауыл тұрғындары көптен бері тұрақты жұмысты талап етіп жүргендерін жеткізді.
Осы уақытқа дейін мұнай-газ саласында бос жұмыс орны жоқ деген сылтауларды естідік. Дегенмен, соңғы жаңалықтар керісінше болжайды - жақында West Oil-да көптеген жұмыс орны пайда болады. Отбасымызды асырай алмай шаршадық. Бұрын ұсынған бос орындар отбасымызды асырауға жетпейді. Сондықтан біз, Бостан, Құланды, Сенек ауылдарының жұмыссыз тұрғындары бос тұрған орындарға жұмысқа қабылдауды талап етеміз. Қажет болса, біз біліктілікті арттыру курстарынан өтуге дайынбыз. Бұл біздің басты талабымыз, - делінген видео хабарламада.