Бейжің қаласында Халықаралық автомобиль тасымалдары жөніндегі Қазақстан-Қытай бірлескен комитетінің отырысы өтті.
Отырыс барысында тараптар халықаралық автомобиль тасымалдарын дамытуға қатысты өзекті мәселелерді талқылады. Атап айтқанда, рұқсат беру жүйесін жетілдіру, шекара маңы инфрақұрылымын дамыту және жолаушылар тасымалы бағыттарының желісін кеңейту мәселелері қаралды.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар жыл соңына дейін шетелдік рұқсат бланкілерін сандық шектеусіз беру форматына көшуге келісті. Сонымен қатар, қазақстандық және қытайлық тараптардан «Нұр Жолы» өткізу пунктінің өткізу қабілетін арттыру мәселелері талқыланды. Бұдан бөлек, ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығының соңына дейін WeChat Pay төлем сервисі арқылы ақылы автомобиль жолдарында жол жүру ақысын төлеу функционалын енгізу жоспарлануда, - деп хабарлады Көлік министрлігінің баспасөз қызметі.
Тараптар екіжақты ынтымақтастықты одан әрі нығайтудың маңыздылығын атап өтіп, халықаралық автомобиль тасымалдары саласындағы өзара іс-қимылды жалғастыруға дайын екендерін білдірді.