Втеринариялық бақылау бекеттері 55 жеңіл көлікпен толықты

12 Шілде 2023, 18:48
597
Бөлісу:
Втеринариялық бақылау бекеттері  55 жеңіл көлікпен толықты
Фото: ҚР АШМ баспасөз қызметі

Биыл ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті 55 жаңа жеңіл автокөлік сатып алды, деп хабарлайды BAQ.KZ ҚР АШМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Көлікпен облыстық және қалалық аумақтық инспекциялар, оның ішінде ветеринариялық бақылау бекеттері жабдықталады. Жыл соңына дейін жаңа автокөліктер барлық облыс орталықтарына келуге тиіс.

Айта кетейік, отандық өндірістегі бұл автокөліктер зооветатрибуттар, термоқондырғылар және биологиялық материал сынамаларын сақтауға және тасымалдауға арналған тоңазытқыш сияқты барлық қажетті құрал-жабдықтармен қосымша жабдықталған.

Арнайы автокөлік ветеринариялық инспекторларға жануарлардың аурулары күдіктенген және өршіп кеткен кезде шекара пункттеріне жедел бару, ветеринариялық сертификаттар беру, өнімді сақтау және жөнелту орындарында бақылаудағы өнімнің сынамаларын тексеру және іріктеу кезінде уақтылы әрекет ету үшін қажет.

Өзгелердің жаңалығы