Волонтёрлер тасқын судан зардап шеккендерге қалай көмектесіп жатыр

8 Сәуір 2024, 15:39
440
Бөлісу:
Волонтёрлер тасқын судан зардап шеккендерге қалай көмектесіп жатыр
Фото: Волонтерлер мұрағатынан

Көктемгі су тасқыны Ертіс өңірінің тұрғындарын да әбігерге салды. Осы күнге дейін 38 жер үй қарғын судың астында қалып, тұрғындар қауіпсіз жерге көшірілді. Қазіргі уақытта 24 баспана иесі өтемақыларын алып үлгерді. Тағы бүлінген 14 үй бойынша бағалау жұмыстары аяқталуға жақын. 

Зардап шеккендерге атқарушы билік өкілдерімен қатар, еріктілер де қауымы көмек қолын созып келеді. Еріктілер сәуірдің басында ашылған гуманитарлық көмек жинау орындарында ғана емес, зардап шеккен елді мекен тұрғындарының басы-қасында жүр. BAQ.KZ агенттігінің тілшісі құтқарушылармен қатар тыным таппай еңбектініп жүрген «Қызыл Жарты Ай» ұйымы облыстық филиалының директоры Гүлнар Исакановамен тілдесті. Бір төп ерікті су басқан ауылдардың тұрғындары үшін жылы киімдер, азық-түлік жинаса, тағы бір тобы су басқан жерлерге барды.

- Қазіргі уақытта зардап шеккен азаматтарға қандай көмек көрсетіп жатырсыздар?

- Елімізде көктемгі су тасқынына қатысты жағдай күрделі, әрине. Он аймақта табиғи сипаттағы төтенше жағдай жарияланды. Осындай ауқымдағы төтенше жағдайды бірінші рет куә болып отырмыз десем, артық емес. Табиғаттың «тосынсыйы» Ертіс өңірін де айналып өтпеді. Мәселен, Ақтоғай ауданының Жалаулы, Ертіс ауданының Ұсынсу ауылы, Шарбақты ауданының Красиловка ауылы, Успен ауданының Успен ауылы, Железин ауданының Веселая Роща ауылында қар суы үйлер мен аулаларға кірді. Бұл елді мекендер жіті бақылауда. Біз су басқан сәтте Успенка ауылында болып, келтірілген шығын көлемін есептедік. 

Зардап шеккен халықпен кездесіп, талаптары мен тілектерін тыңдадық. Кейін төтенше жағдайлар қызметі өкілдерінің қолдауымен Ақтоғай ауданының Жалаулы ауылына аттандық. Еріктілер су астында қалған баспаналарға кіріп, жағдайды өз көзімен көрді. Жиналған су белшеден келді. Тұрғындар су келмес бұрын тұрмыстық техникаларын құрғақ жерге апарып үлгерді. Қорадағы малды да дереу шығарып алды. Өкінішке қарай, жер үйлердің көбі саманнан тұрғызылғандықтан, қирап жатыр. Біз өзімізбен бірге тұрғындарға қажетті жылы киімдер, жылы аяқ-киім, жылытқыштарды әкеліп, тұрғындарға бердік. Жаңа заттарды бізге серіктес кәсіпкерлер ұсынған еді.

Волонтёрлер тасқын судан зардап шеккендерге қалай көмектесіп жатыр

Құтқару жұмыстары қалай ұйымдастырылады? Белгілі бір талап, ереже бар ма?

-Төтенше жағдай кезінде «Қызыл Жарты Ай» ұйымы өзінің тәртібі бойынша жұмыс істейді. Яғни, зардап шеккендерге көмек көрсету бойынша өзіміздің регламентіміз, жалпы ережелеріміз бар. Бұл ереже шеңберінде бірінші кезекте халықтың шұғыл сұранысын анықтаймыз. Бірінші кезекте не қажет? Не істеу керек? Осы сұрақтарға жауап береміз. Оқиға орнына жеткен бойда келтірілген шығын көлемін мен сұраныс көлемін анықтаймыз. Әдетте бастапқыда тұрғындарға жылы киім, азық-түлік керек. Кейін орташа шұғыл қажеттіліктер анықталады. Бұған дәрі-дәрмек, санитарлық-гигиеналық заттар, аяқ киімдеп, жылытқыштар керек болып жатады. Бұл қажеттіліктерді мүмкіндігімізше орындауға тырысамыз.

Волонтёрлер тасқын судан зардап шеккендерге қалай көмектесіп жатыр

- Зардап шеккен тұрғындардың тағы қандай қажеттіліктері болуы мүмкін?

- Кейін ұзақмерзімді қажеттіліктер анықталады. Оларды орындауға әдетте су кетіп, баспаналар пен аулалар кепкеннен кейін кірісеміз. Осы кезде тұрғындар үйлеріне келіп, қалыпты тірлікке оралып жатады. Біз өз тарамыпыздан гуманитарлық жүк тасымалдап, көмек көрсетеміз. Жұмысымыздың соңғы кезеңі – қалыпқа келтіру үрдісі. Бұл кезеңде атқарушы билік араласады. Қираған үйлерді қалыпқа келтіру, өтемақы төлеу жұмыстары атқарылады. «Қызыл Жарты Ай» ұйымы да шетте қалмайды. Халыққа құрылыс материалдарын сатып алу, көмір, отын жеткізу бойынша көмек керек болуы мүмкін. Біздің еріктілер бұл қажеттіліктерді орындауға тырысады.

Волонтёрлер тасқын судан зардап шеккендерге қалай көмектесіп жатыр

- Павлодарлық «Қызыл Жарты Ай» ұйымы өкілдері бұған дейін осындай ауқымдағы төтенше жағдайда жұмыс істеді ме?

- Өз басым, бұл ұйымда жұмыс істеп жүргеніме 18 жылдан асты. Содан бері осындай ауқымдағы табиғи сипаттағы су тасқынының болғаны есімде жоқ. Бірнеше үйді су басты, аулығы су кірді деген оқиғалар болды, әрине. Бірақ, осы көктемдегі жағдай мүлдем басқа. Басқа өңірлердегі жағдайды туралы естеп отырмыз. Қазіргі уақытта Ақтөбе, Қостанай, Батыс Қазақстан облыстарындағы әріптестерімізбен үнемі байланыстамыз. Бұл облыстарда бүтіндей ауылдар су астында қалып отыр.

- Сұхбатыңызға рахмет!

Өзгелердің жаңалығы