Волонтерлерге сағатына 1000 теңге қосымша ақша беріледі

6 Тамыз 2019, 19:44
1923
Бөлісу:
 Волонтерлерге сағатына 1000 теңге қосымша ақша беріледі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жастарды баспанамен қамтамасыз ету мақсатында жыл сайын 3 мың пәтер жалдамалы түрде 5 жылға беріледі. Бұл туралы elorda.info сайтында хабарланды. 

ҚР АҚДМ Жастар және отбасы істері комитетінің төрағасы Мадияр Қожахмет Жастар жылына сәйкес жоспарланып отырған жобалармен таныстырды. Ол жастарды баспанамен қамтамасыз ету мақсатында жыл сайын 3 мың пәтер жалдамалы түрде 5 жылға берілетіндігін айтты.

Сонымен қатар, кәсіпкерлікті дамыту үшін «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы ұйымдастырып отырған «Жас кәсіпкер» жобасы аясында жастарға шағын бизнес ашуға 500 мың теңге грант немесе 3 млн теңге көлеміндегі несие беру жобасы іске асырылуда.

Ал білім саласында ЖОО-да «Кәсіпкерлік негіздері» атты жаңа пән енгізіліп, іске асырылып келе жатқанын айтты.

«2020 жылы еріктілер жылына орай 1 қыркүйектен бастап волонтерлік жұмыспен айналысатын жастарға сағатына 1 мың теңге көлемінде қосымша ақша берілетін болады. Ол ақшаны әрбір жас өзінің оқуына немесе басқа да қажеттілігіне жұмсай алады», - деді ҚР АҚДМ Жастар және отбасы істері комитетінің төрағасы Мадияр Қожахмет.


Өзгелердің жаңалығы