Волейболдан ел құрамасының лицензиялық турнирдегі қарсыластары анықталды

30 Қазан 2019, 03:41
1973
Бөлісу:
Волейболдан ел құрамасының лицензиялық турнирдегі қарсыластары анықталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2020 жылдың 7-12 қаңтар аралығында Таиландтың Нахонратчасима қаласында волейболдан әйелдер арасындағы құрлықтық іріктеу турнирі басталады. Аталған додада 2020 жылғы Олимпиада ойындарына жолдама таратылмақ, деп жазады Olympic.kz. 

Іріктеу сынында екі топқа бөлінген жеті команда сынға түседі. "А" тобында Тайланд, Қытайлық Тайпей және Австралия,  "В" тобында Оңтүстік Корея, Қазақстан, Иран және Индонезия бақ сынайды. 

Бірінші ойынды қазақстандықтар Иранға қарсы өткізсе, екінші кездесуде Индонезия, үшінші кездесуде Оңтүстік Корея құрамасымен жолығады. 

Құрлықтық іріктеу сынында бір жолдама сарапқа салынатындықтан, тек жеңіске жеткен команда Токио Олимпиадасына лицензия иеленеді. 



Өзгелердің жаңалығы