Во Ван Тхыонг Тоқаевты салтанатты түрде қарсы алды

21 Тамыз 2023, 11:24
599
Бөлісу:
Во Ван Тхыонг Тоқаевты салтанатты түрде қарсы алды
Фото: Ақорда

Президент Во Ван Тхыонг Президент сарайында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевты салтанатты түрде қарсы алды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Құрмет қарауылының бастығы екі ел басшыларына рапорт беріп, Қазақстан мен Вьетнамның мемлекеттік әнұрандары шырқалғаннан кейін Қасым-Жомарт Тоқаев пен Во Ван Тхыонг бір-біріне ресми делегациялардың құрамын таныстырды.

Содан кейін президенттер келіссөз залына өтті.

Өзгелердің жаңалығы