Владислава Кухта 57 келіде Қазақстан чемпионы атанды

29 Қараша 2020, 16:14
1247
Бөлісу:
Владислава Кухта 57 келіде Қазақстан чемпионы атанды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бокстан Шымкентте өтіп жатқан Қазақстан чемпионатында 57 келіге дейінгі салмақтағы жеңімпаздар анықталды, деп жазды Olympic.kz.  

Ақтық сында Павлодар облысының өкілі Айжан Қожабекова мен қостанайлық жас спортшы Владислава Кухта кездескен болатын. Жекпе-жек қорытындысы бойынша төрешілердің бірауыз шешімімен Владислава Кухта жеңіске жетті.  

Жақында ересектер арасына өткен Кухта ел чемпионатындағы алғашқы алтынын иеленіп отыр. Бұл салмақтағы қола жүлдені Назым Ищанова (Атырау облысы) мен Сәния Сұлтанқызы (Нұр-Сұлтан) еншілеген.

Өзгелердің жаңалығы