Вице-премьер пияз бағасы әлі де қымбаттайтынын айтты

24 Қаңтар 2023, 14:22
2307
Бөлісу:
Вице-премьер пияз бағасы әлі де қымбаттайтынын айтты

Бұл туралы Үкімет кулуарында Премьер-министрдің орынбасары - Сауда және интерграция министрі Серік Жұманғарин мәлім етті, деп жазады BAQ.KZ тілшісі.

Жұманғариннің сөзінше, қазақстандықтар ай сайын қамту үшін 30 мың тонна пияз қажет.

Қазір пияз жоғары сұранысқа ие тауарға айналды. Себебі пиязбен айналысатын Өзбекстан, Пәкістан, Ресей Федерациясында өндіріс жоқ. Қазір Мәскеу сөрелерінде пияз бағасы 500 теңгеге жетсе, Өзбекстанда 350 теңге тұрады. Ал бізде баға 170 теңгеге дейін өсті. Елімізде пияз тапшылығына жол берілмейді. Сондықтан да сыртқы сауда бойынша ведомствоаралық комиссия үш айға пияз экспортына тыйым салу туралы шешім қабылдады, - Серік Жұманғарин Үкімет отырысынан кейін тілшілердің сауалына жауап бере тұрып.

Ол тұтынушыларды қажетті пияз көлемімен қамтамасыз ету жағдайы бақылауда екенін айтты.

Сондай-ақ, Серік Жұманғарин БАҚ өкілдерінің пияз бағасы қымбаттай ма деген сауалына:

Белгілі бір сомада өсімді күту керек шығар. Мен болжам жасай алмаймын, бұл сұрақ өте субъективті, - деді ол. 

Өзгелердің жаңалығы