ҚР вице-премьері Арыстағы жөндеу жұмыстарының барысымен танысты

26 Шілде 2019, 16:35
1888
Бөлісу:
ҚР вице-премьері Арыстағы жөндеу жұмыстарының барысымен танысты
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін ҚР премьер-министрінің орынбасары Жеңіс Қасымбек жұмыс сапарымен Арыс қаласына келіп, Атырау облысына қарасты №1 сектордағы құрылыс-жөндеу жұмыстарының барысын қадағалады. Бұл туралы облыс әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

«Ол аумақта 482 үй орналасқан. Зақымданған  431 үйдің қазіргі таңда 3-уі толық жөнделген. Ал BI Group компаниясы осы сектордағы 88 үйді қалпына келтіру жұмыстарын қолға алып отыр. Жұмысшы топ кейін Нұр-Сұлтан қаласына қарасты №9 секторға аялдады. Онда 655 үй бар. Аумақта қайта қалпына келтіруге қажетті 572 баспананың 105-інде құрылыс толығымен аяқталған», - делінген әкімдіктің хабарламасында.

36cd3863-60e1-4f5b-85a3-38f0907fcaec.jpg

Сонымен қатар, Үкімет басшысының орынбасары 1904 жылы іргетасы қаланған «Арыс-1» теміржол вокзалына да аялдады. Мұндағы тірлік «Samruk-Kazyna Construction» АҚ тиесілі. Басқарма төрағасының бірінші орынбасары Арман Жетпісбаев міндеттелген шаруа толығымен уақытылы атқарылып жатқанын мәлімдеді.

62e36138-0ce8-4186-ab3b-a118f941c373.jpg

Кейін топ Шымкент қаласына қарасты 10-секторда болды. Онда есеп бойынша 652 үй тіркелген. Жөндеуді қажет ететін 604 үйдің 138-інде бүгінде жұмыс толық аяқталған. Бұдан кейін жұмысшы топ қалалық емхана мен орталық стадиондағы жөндеу жұмыстарына көңіл аударды. Іссапар аясында Нұр-Сұлтан, Ақмола, Қостанай қалаларына тапсырылған секторлардағы жұмыстар назарға алынды.

4c002297-081a-4f12-bd0d-95ec85b51cba.jpg

Арыс қаласаның бүгінгі жай-күйімен танысқан Жеңіс Қасымбек сапар соңында шаһарды қалпына келтіру бойынша құрылыс-жөндеу жұмыстарын қанқындату қажеттігін тапсырды.

1ebb590a-c087-4462-aa32-8e0aa8cc6708.jpg

Өзгелердің жаңалығы