Вице-министрлерді жұмыстан шығарып жатыр. Министр қауесетке жауап берді

24 Қаңтар 2023, 14:46
1388
Бөлісу:
Вице-министрлерді жұмыстан шығарып жатыр. Министр қауесетке жауап берді
Фото: автордан

Экология және табиғи ресурустар министрі Зүлфия Сүлейменова ведомствода таралған қауесетке жауап берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Сіз басшы болып келгелі Экология және табиғи ресустар министрлігінде кадрлық ауыс-түйістер болып жатқаны айтылып, жазылып жатыр. Орынбасарларыңыз орнын босатып, комитет басшылары да жұмыстан кеткен. Мұның себебі неде? Жаңа команда жасақтап жатырсыз ба? - деп сұрақ қойылды министрге.

Зүлфия Сүлейменованың түсіндіруінше, қазір министрліктің басшыларының бәрі міндетін атқарушы қызметінде отыр. Себебі Экология және табиғи ресурустар министрлігі Әділет министрлігінде әлі тіркелмеген.

Қазіргі таңда министрлік қайта құрылып жатыр. Мемлекеттік орган қайта құрылған кезде барлық қызметкерлер автоматты түрде міндетін атқарушы режиміне көшеді. Министрлікте штаттық кесте қайта бекітілмейінше, мемлекеттік орган әділет органдарында қайта тіркеуден өтпейді.Әрине, осыған байланысты жеке қызметкерлер арасында қалу-қалмауы жөнінде біраз ақпарат тарады деп есептеймін. Ол ақпараттың дәйектелуі міндетті емес. Қайта құру деген осындай процесс, кейбір бөлімшелерді басқа министрлікке беруге тура келді, біз бүкіл комитетті ауыстырдық. Процестің өзі күрделі, - деп жауап берді Сүлейменова. 

Өзгелердің жаңалығы