Білім және ғылым вице-министрі қанша жалақы алатынын айтты

1 Қараша 2019, 16:46
1946
Бөлісу:
Білім және ғылым вице-министрі қанша жалақы алатынын айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Білім және ғылым вице-министрі Шолпан Каринова жалақысының сомасын айтты.  

Қанша алатынымды айта аламын, әрине. Жалақы жүйесі бойынша еңбекақы мемлекеттік қызметтегі өтіліне байланысты төленеді. Бүгінде менің жалақым – 600 мың теңге, - деді білім және ғылым вице-министрі.

Шолпан Каринова бұл лауазымға 31 тамыз күні тағайындалды. Еңбек жолын ауыл мектебі мұғалімінен бастап, колледж оқытушысы, мектеп директоры, білім басқармасының басшысы қызметтерін атқарды. Вице-министр қызметіне тағайындалар алдында "Назарбаев зияткерлік мектептері" АҚ педагогикалық шеберлік орталығы директорының орынбасары лауазымын атқарды.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, ҚР білім және ғылым вице-министрі Шолпан Каринова интернетпен қамтылмаған ауыл мектептері қағаз журналдарды қолдана беретінін айтып, kundelik.kz дауына нүкте қойған болатын.

Сондай-ақ, вице-министр оқушылардың білімін критериалдық бағалаудың артықшылығы туралы айтып, ата-аналардың петициясына жауап берді.

Өзгелердің жаңалығы