Вице-министр халықтың жартысына жуығы айналысатын табыс көзін атады

13 Қазан 2022, 17:29
1702
Бөлісу:
Вице-министр халықтың жартысына жуығы айналысатын табыс көзін атады
PHOTO
Фото: автордан

Астанада ауыл шаруашылығы саласында зор маңызға ие Орталық Азиядағы ең ірі KazAgro және KazFarm көрмелері жалғасып жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Көрме аясында әртүрлі интерактивті іс-шаралар, байқаулар, семинарлар мен шеберлік сабақтары өткізіліп жатыр. Көрмеге келушілердің көңілін көтеруге бағытталған көрменің әр күнінде өтетін жеңімпаздарға 25 келі ұн мен азық-түлік букеттері берілетін «Үздік сауыншы» байқауы, барлық қатысушылар арасында өткізілген үш қошқар ұтысқа тігілген лоторея, көрмеге келушілерге таратылған 200 келі алма сияқты қызықтар да ойластырылған.  

Қазақстан – аграрлық мемлекет. Агроөнеркәсіп кешені ел экономикасында маңызды рөл атқарады. Оның дамуы – елдің тұрақты дамуының, азық-түлік тұрақтылығының негізгі кепілі. Агроөнеркәсіп кешені – ел халқының жартысына жуығы айналысатын негізгі табыс көзі. Көрмелердің мақсаты  аграрлық сала қызметкерлерін бірегей ортаға жұмылдыру, - деді ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі Әбілхайыр Тамабек ашылу салтанатындағы сөзінде.

Вице-министр халықтың жартысына жуығы айналысатын табыс көзін атады

Ал көрме ұйымдастырушысы Шолпан Қожабаева «әлемде осы салада не жаңалық болып жатыр соның бәрін әкелуге тырысу біздің міндетіміз» деп атап өтті.  

Көрмеге 20-дан астам елден келген шетелдіктермен қатар Қазақстанның да түкпір-түкпірінен аграрлық саладағы мамандар келді. Олардың ішінде Шымкент қаласындағы «Оңтүстік-Батыс мал және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» ЖШС-ның бас ғылыми хатшысы Бақытжан Әжібеков те бар. Ол көрмеге Түркістан облысының Отырар ауданындағы екі шаруашылықтың дайындаған түйе сүтін, шұбат-қымыранын, оңтүстіктің балын әкеліпті. 

Вице-министр халықтың жартысына жуығы айналысатын табыс көзін атады

Астанада «Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы бар. Қазақстанда аграрлық ғылыммен айналысатын барлық институттар осы орталыққа қараймыз. Осы көрмеде біз ұлттық аграрлық орталық атынан өз өнімдерімізді көрсетіп отырмыз. Жыл сайын өтетін көрме аграрлық ғылымның бар екенін, ғалымдар қандай бағытта жұмыс жасап жатқанын, қандай жетістіктерге жетіп жатқанымызды көрсетуге мүмкіндік бар, - дейді ол.  

Бақытжан Әжібеков «көрмеден аларымыз да көп» дейді. Оған мысал ретінде маман ауыл шаруашылығы техникалары, малдың қоңын жақсартатын азық түрлерді атап өтті. Оның айтуынша, қазіргі кезде мал шаруашылығымен де, өсімдік шаруашылығымен де айналысу үшін заманауи техникалар қажет. 

Вице-министр халықтың жартысына жуығы айналысатын табыс көзін атады
Вице-министр халықтың жартысына жуығы айналысатын табыс көзін атады

Ғылыми қызметкер өзі жұмыс істейтін институт жұмысымен де таныстырып кетті.    

Біз мал және өсімдік шаруашылығын ғылыми қамтамасыз етумен айналысамыз. Түйе шаруашылығына байланысты ғылыми жобалар бойынша біздің институт Қазақстан бойынша үйлестіруші болып есептеледі. Біздің ғалымдар негізінен түйе шаруашылығын селекциялық асылдандыру жұмыстарын және түйе сүтін арттыру бағытындағы селекциялық жұмыстар жүргізеді, - деді ол. 

Айта кетейік, KazAgro/KazFarm көрмесі «EXPO» халықаралық көрме орталығында ертең де жалғасады, кіру тегін. 

Вице-министр халықтың жартысына жуығы айналысатын табыс көзін атады
Вице-министр халықтың жартысына жуығы айналысатын табыс көзін атады
Өзгелердің жаңалығы