Вице-министр: Қашықтан білім берудің алғашқы аптасы ойдағыдай өтті

15 Сәуір 2020, 19:45
1071
Бөлісу:
Вице-министр: Қашықтан білім берудің алғашқы аптасы ойдағыдай өтті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР білім және ғылым вице-министрі Рүстем Биғари Facebook желісінде өтен онлайн конференцияда қашықтан білім беру жүйесіндегі бірқатар мәселелерді айтып, бір апта ішінде кездескен қиындықтар туралы баяндады.  

Халықаралық мекемелер берген ұсыныстарға қарап бірнеше шараларды қолға алдық.  Шет елдерді қарап отырсақ олардағы қашықтан оқытуда біздегі сияқты бірнеше платформалардан тұрады. Қазір өздеріңіз білесіздер барлық сабақ кестелері, журналдар, видео сабақтар осы платформаларда бекітілген. Сонымен қатар өзіміздің платформалардан бөлек шетелдердің де бірқатар білім беру платформаларын қолданамыз. Олардың қатарында Microsoft Teams, Google Classroom тағы да басқаларын айтуға болады. Әрине,өкінішке орай бұлардың бәрін қолдана бермейді, - деді вице-министр.

Қазір елімізде 3 млн-ға жуық оқушы, 100 мыңнан астам мұғалім, 500 мың студент толықтай қашықтан оқуды бастап кетті. Вице-министр Қазақстандағы білім алушылардың рейтингін көріп, мониторинг жасап отыру үшін арнайы офис жоба ұйымдастырғандығын атап өтті. 
Күнделікті сол жерден бәрін бақылап қарап отырамыз. Мысалы алатын болсақ оқудың бірінші аптасы үлкен нәтиже көрсетті. Былтырғы оқу жылында kundelik.kz платформасына кірушілер 500 мың болса, қазіргі таңдағы көрсеткіш 3 есеге көбейіп отыр, яғни, 3 млн-ға жетті, - деді Рүстем Биғари.
Сонымен қатар вице-министр қашықтан білім берудің бірінші аптасында бірқатар қиыншылықтар болғандығын да атап өтті. 
6 сәуір оқу басталған күні барлық мұғалімдер видео сабақтар салды. Тапсырмалар берді, кішкене түсініспеушіліктер туындағанын мойындаймыз. Желі дұрыс жасамай, тоқтап қалғаны да рас. Қазіргі кезде соңғы күндерді алатын болсақ барлығы реттелді, сабақ жүйесі бір қалыпқа түсті деп айта аламын, - деді вице-министр.

Мұғалімдер өздерінің қалауларымен онлайн сабақтан гөрі қашықтан білім беруді қолдағанын айта кеткен жөн. Бірақ соған қарамастан ұстаздар балаға жеке-жеке кері байланысқа шығып, қосымша тапсырмалар беруде. 
Сонымен қатар, кейбір мұғалімдер мен оқушылардың компьютерді жетік білмейтіндерін де атап өткен жөн. Себебі сонын салдарынан мұғалімдер журналдар толтырмай, қажетті норманы орындамай жатты. Бірақ мұның бәрі ескеріліп, мұғалімдер қажетті деңгейде тапсырмаларды орындауда. Қашықтан білім беру жүйесі болашақта студенттердің де, оқушылардың да, сонымен қатар мұғалімдердің де білімін жетілдіріп, болашақта жаңа технологияларға тез сіңісуіне өз үлесін қосатыны сөзсіз, - деді білім және ғылым вице-министрі Рүстем Биғари.
Өзгелердің жаңалығы