Вице-министр ақпараттық жүйеге бюджеттен бөлінетін қаражат туралы айтты

24 Тамыз 2022, 15:47
1401
Бөлісу:
Вице-министр ақпараттық жүйеге бюджеттен бөлінетін қаражат туралы айтты

Бұл туралы Қаржы вице-министрі Эльдар Қазғанбаев Президент жанындағы ОКҚ-да өткен брифингте айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Қаржы министрілігінде 20-дан астам ірі ақпараттық жүйе бар. Оларды қамтамасыз етуге жыл сайын орташа есепппен 7,5 млрд теңге бөлінеді. Оның ішіне әкімшілендіру, ақпараттық жүйені жетілдіру, техникалық сүйемелдеу де кіреді. Біз мемлекеттік бюджеттік қаржыландырудан өзін-өзі қамтуға кезеңдеп өтуді қарастырып жатырмыз. Мысалы, мемлекеттік сатып алу сайты осы принцип бойынша жұмыс істейді. Кәсіпкер, жеткізуші аталған платформада табыс табу мақсатында өзі операция жасайтын кіріс төлейді. Жүйе сондай кірістер негізінде күн көреді. Біз басқа жүйені осындай форматқа көшіруді мақсат етіп отырмыз, - деді ол.

Ол атағандай, 2020 жылы Қаржы министрлігі бөлінген мемлекеттік қолдау шараларының субъектілік мониторингі жүйесін іске асырды. 

Жүйе мемлекеттік қолдау шараларын алушыларды тиімділіктің 3: бюджеттік, қаржылық-экономикалық және әлеуметтік-экономикалық көрсеткіші бойынша бағалайды. Мемлекеттік аудит саласында Министрлік электрондық мемлекеттік аудит жүйесін іске асырды. Аудит объектісіне, электрондық форматқа шыға отырып, аудит жүргізудің дәстүрлі процесін қайта құрудың негізгі артықшылықтары сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайту, бірнеше аудит объектілерінде бір мезгілде тексерулер жүргізу, еңбек, уақыт және іссапар шығындарын қысқартуды мақсат етеді, - деді ол. 

Өзгелердің жаңалығы