Вирусолог: Жаңа жылдық мерекелерден кейін тұмау төмендейді

18 Желтоқсан 2022, 14:16
997
Бөлісу:
Вирусолог: Жаңа жылдық мерекелерден кейін тұмау төмендейді

Ресейлік вирусолог жаңа жылдық мерекелер аяқталғаннан кейін тұмау мен ЖРВИ-мен ауыру төмендейтініне болжам жасады. Бұл туралы BAQ.KZ  ТАСС агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды. 

Қазір тұмаумен ауыратын кезең. Жаңа жылдан кейін ол төмендейді. Балалардың каникулы мен мерекелерден кейін түсе бастайды. Әдетте осылай болатын, - деп жазды ТАСС.

Вирус жұқтырмау үшін жаңа жылдық мерекелерде ірі компанияларға жиналмау қажет.

Маманның сөзінше, адам көп жиналатын жерлерде болу тыныс алу жолдары ауруларының таралу қаупін арттырады. Сондай-ақ Жаңа жыл отбасылық мереке болғандықтан, оны үйде, отбасымен және достармен өткізу керек.

Өзгелердің жаңалығы