Вильнюсте литва тіліне аударылған «Қазақстан тарихы» кітабының тұсаукесері өтті

7 Желтоқсан 2021, 15:14
1336
Бөлісу:
Вильнюсте литва тіліне аударылған «Қазақстан тарихы» кітабының тұсаукесері өтті
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мартинас Мажвидас атындағы Литва ұлттық кітапханасында литва тіліне аударылған «Қазақстан тарихы» кітабының тұсаукесері өтті. 

Бұл туралы Қазақстанның Литва Республикасындағы елшілігінің ресми сайты жазды.

Вильнюсте литва тіліне аударылған «Қазақстан тарихы» кітабының тұсаукесері өтті

Қазақстан елшісі Виктор Темірбаев Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орайластырылған іс-шараны аша отырып, бұл Қазақстан-Литва мәдени қатынастарындағы маңызды оқиға екенін атап өтті. Литвалық оқырмандар қазақ халқының ежелгі дәуірден бүгінгі күнге дейінгі тарихы, сондай-ақ оның бостандығы мен тәуелсіздігі үшін күресі туралы біле алады.

Вильнюсте литва тіліне аударылған «Қазақстан тарихы» кітабының тұсаукесері өтті

Дипломат қонақтарды Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың дәйекті және көреген саясатының арқасында қол жеткізілген еліміздің үш онжылдықтағы табыстарымен таныстырды. Елші Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бағытының сабақтастығын атап өтіп, елімізде жүргізіліп жатқан саяси реформалар мен азаматтардың әл-ауқатын жақсарту жөніндегі Үкіметтің шаралары туралы ақпарат берді.

Вильнюсте литва тіліне аударылған «Қазақстан тарихы» кітабының тұсаукесері өтті

Кітап авторы, Білім және ғылым министрлігі Мемлекет тарихы институтының директоры Еркін Әбіл өзінің бейнеүндеуінде бұл басылымның негізгі мақсаты - оқырмандарды Ұлы дала өркениетінің тарихымен таныстыру екенін атап өтті. 

Әбілдің айтуынша, соңғы жылдары республика басшылығы Қазақстан тарихының аспектілерін ғылыми тұрғыдан зерттеуге көп көңіл бөліп келеді.

Литва тіліне аударып, кітап басып шығарған «Жара» баспа үйінің басшысы Рамуте Жандариене өз сөзінде екі ел халықтарының тарихындағы ортақ байланыстарды атап өтті.

Вильнюсте литва тіліне аударылған «Қазақстан тарихы» кітабының тұсаукесері өтті

Литва мен Қазақстан тарихи оқиғаларды жақындастырды - көптеген литвалық кеңес заманында Қазақстанға жер аударылды. Литвалықтар мұны әрдайым есте сақтайды және ең қиын тарихи кезеңдегі қазақ халқының көмегін жоғары бағалайды, - деді кітап баспагерлері.

Литва Сеймінің Қазақстанмен парламентаралық байланыстар тобының төрағасы Эдмундас Пупинис өз сөзінде республикамыздың тәуелсіздік жылдарындағы әлеуметтік-экономикалық саладағы жетістіктерін, сондай-ақ Қазақстандағы таяудағы саяси өзгерістерді жоғары бағалады. Оның айтуынша, ұсынылған кітап Литва мен Қазақстан халықтары арасындағы гуманитарлық байланыстардың дамуына елеулі үлес қосады.

Ашылу салтанатына Сеймнің депутаттары, Сыртқы істер министрлігінің, іскерлік және академиялық орта өкілдері, Қазақстанның құрметті консулдары, мәдениет қайраткерлері және қазақстандық студенттер қатысты.

Вильнюсте литва тіліне аударылған «Қазақстан тарихы» кітабының тұсаукесері өтті

Кітаптардың көшірмелері Литваның жетекші университеттерінің кітапхана қорларына және Вильнюс, Клайпеда және Каунас орталық қалалық кітапханаларына жіберіледі.

Мартинас Мажвидас атындағы Литва ұлттық кітапханасы - Литвадағы ең ірі ғылыми кітапхана, Литва және шетелдік құжаттардың мемлекеттік қоймасы. Парламенттік кітапхана, Еуропалық одақтың, Дүниежүзілік Банктің, МАГАТЭ-нің және басқа да бірқатар халықаралық ұйымның депозиттік кітапханасы қызметін атқарады.

Өзгелердің жаңалығы