​VII Халықаралық автошеру Атырау облысына келді

5 Мамыр 2024, 10:09
229
Бөлісу:
​VII Халықаралық автошеру Атырау облысына келді

VII Халықаралық автошеру Атырау облысына келді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Атырау облысына ТМД Атқарушы Комитетімен Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Автомобиль жолдары комитетінің қолдауымен ұйымдастырылған жолшылардың Үкіметаралық кеңесінің VII Халықаралық автошеруі келді.

Іс-шара белсенді тәжірибе алмасу және көлік инфрақұрылымын дамыту мәселелерін талқылауалаңына айналды. Ауқымды шараны ТМД Атқарушы комитетінің, Қазақстан, Ресей және Өзбекстанның бейінді ведомстволарының қолдауымен жолшылардың Үкіметаралық Кеңесі ұйымдастырды.

Ұйымдастырушылар халықаралық автошеруді өткізу қатысушы мемлекеттер үкіметтерінің, халықаралық ұйымдардың, қаржы институттары мен бизнес-қоғамдастықтардың назарын халықаралық автомобиль жолдарын, «Солтүстік-Оңтүстік», «Батыс-Шығыс» көлік дәліздерін дамыту және олар бойынша тасымалдау мәселелеріне, сондай-ақ мемлекеттік шекаралар мен кедендік рәсімдерді кесіп өту мәселелеріне аударады деп есептейді. Жалпы VII Халықаралық автошеру Ресейдің бірқатар қаласын басып өтіп, бұдан әрі Өзбекстан Республикасына бағытталады.

Өзгелердің жаңалығы