"Видеода сержант белдік ұстап шыққан". ІІМ оқиғасына қатысты түсінік берді

20 Қыркүйек 2024, 17:04
1071
Бөлісу:
"Видеода сержант белдік ұстап шыққан". ІІМ  оқиғасына қатысты түсінік берді
Фото: instagram.com/@erbayan2024

Ұлттық ұлан Бас қолбасшысының тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары Қайрат Үмбетов Ербаян Мұхтардың ісіне қатысты сұрақ қойылды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Журналист Үмбетовке "Жуырда Астанада Ербаянның оқиғасына байланысты баспасөз мәслихаты өтті. Аталған жиында заңгер Инга Иманбай түнгі сағат 2-де әжетханадан қолында белдік алып шығып бара жатқан әскеридің бейнесін көргенін айтты. Мұндай оқиға неге жиілеп кетті? Әділ тергеу болмағаннан деп ойламайсыздар ма?" деп сұрақ қойды.

Ұлттық ұлан Бас қолбасшысының тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары Қайрат Үмбетов белдікке қатысты оқиғаға былай түсінік берді.

Нысанды киім үлгілері бойынша әр әскери қызметшіге екі белдік беріледі. Бір белдігі шалбарды ұстап тұрса, тағы біреуін күртешесінің сыртынан тағады. Келісімшарт тәртібі бойынша әскери бұл белдіктерді тағып жүруге тиіс. Дәретханаға барғаннан кейін белбеуін шешіп, бір жерге қояды, ал шалбардың белдігі өзінде қалады. Ербаян құлап қалған кезде (автор - тағы бір әскери қызметші) видеоға түсіп қалған. Ол белдіктің Ербаянның денсаулығына зақым келтірді деп айтуға әлі ерте. Қазіргі таңда іс қозғалған. Тергеу сұрақтарының бәрі белгіленген алгоритм бойынша Ішкі істер министрлігінің тергеу бөлімшелері атқарып отыр, - деп түсіндірді Қайрат Үмбетов ОКҚ алаңында.

Адвокат не деп еді?

Адвокат Инга Аманбай түнгі сағат екіде дәретханада 7-8 әскери адам болғанын атап өтті.

Сарбаздар бір-екі минут сайын әжетханаға кіреді, шығады. Кейбірі мұрнынан қан ағып, басып шығады. Ербаянға қатысты жағдай орын алғаннан кейін Ербаянды қан-қан күйінде сол әжетханадан шығарып алып кеткеннен кейін неге екені белгісіз бір сержант қолында белдікпен шығады сол жерден. Ең болмағанда осы видеокадрлардың бәрін көре тұрып, Ербаянға қатысты медициналық жарақаттардың бәрін көре тұра әскерилердің істі “өзі құлады” деп тоқтатып тастағаны бізге күмән ұялатады. Қоғамға да! – дейді Иманбай.

Еске сала кетейік, осыған дейін генерал-майор Шайх-Хасан Жазықбаев әскердегі әлімжеттіктің азайып келе жатқанын айтты. Ол әскерде ақша бопсалайтын офицерлер мен сержанттар туралы да пікірін білдірді.

Өзгелердің жаңалығы