"Видеода балағат айтпаған". Бишімбаев прокурордың сұрағына жауап берді

22 Сәуір 2024, 18:11
640
Бөлісу:
"Видеода балағат айтпаған". Бишімбаев прокурордың сұрағына жауап берді
Фото: Жоғарғы сот

Әйелін өлтірді деп айыпталған экс-министр өз сөзін растай алмады. Оған мемлекеттік айыптаушы Саяхат Нұрбеков Нүкеноваға қатысты сұрақ қойды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Сот процесінде Нұрбеков "Бишімбаев, сіз өзіңіздің айғақтарыңызда оның құрметтемегенін, балағаттағанын айттыңыз, ал видеода ол қарсы шықпай, керісінше сізден қорғанып жатыр. Бұл сөзіңізді қалай растайсыз?" деп сұрақ қойды.

Видеода мен оң жақта, ал ол сол жақта кетіп бара жатыр. Ол менің артымнан балағаттайды, сол маған осындай реакция туғызды. Ол жерде дыбыс жоқ, бірақ менің артымнан келіп балағаттады, - деп жауап берді Бишімбаев.

Өзгелердің жаңалығы