Вейп төңірегіндегі дау. 38 мың қазақстандық тыйымға қарсы шықты

8 Маусым 2023, 10:15
986
Бөлісу:
Вейп төңірегіндегі дау. 38 мың қазақстандық тыйымға қарсы шықты
Фото: depositphotos.com

Қазақстанда вейпке тыйым салу бастамасының төңірегіндегі дау қыза түсті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ол осы уақытта журналист, блогер және Tastau.Qaz қауымдастығының негізін қалаушы Татьяна Фоминова іске қосқан тиімсіз тыйымдарға қарсы петиция 38 мыңнан аса қол жинап үлгерді. Бұған дейін вейпке тыйым салу туралы петицияны 19 мың адам қолдаған болатын.

Басынан-ақ ересек темекі шегушілерге арнайы жасалған өнімдерді реттеудің орнына, тыйым сала беруден азаматтарымыз шаршады. Петиция нәтижесі осыған дәлел, - дейді Татьяна Фоминова.

Фоминованың петициясы 50 мың қол көрсеткішіне жақындап келеді – дәл осы көрсеткіш Үкіметте азаматтардың сұранысын жан-жақты қарау үшін эталон ретінде ұсынылып отыр. Қазір Мәжілісте бұл мәселе «Қоғамдық бақылау туралы» заң жобасында қаралып жатыр, егер петиция ең аз дегенде 50 мың дауыс жинаса, министрлер кабинеті өтінішті талқылауға міндетті болады.

Татьяна Фоминова өз петициясында келтірген дәлелдер Қазақстанда бірқатар тиімсіз тыйымның бар екеніне негізделеді, нәтижесінде олар қағаз жүзінде қалып, бақылаушы органдарда сыбайлас жемқорлыққа жол ашып береді.

Тыйым мәселені шешпейтінін, тек оны ушықтыратынын елімізде көптеген тәжірибе дәлелдеді. Бұған дейін Қазақстанда кальян шегуге тыйым салынған, бірақ бұл тыйым сақталмайтынына куә болып отырмыз. Оған қоса, ол көлеңкелі экономика мен сыбайлас жемқорлықты арттырды, - деп жазған Президентке үндеуінде Татьяна Фоминова.

Татьяна Фоминованың пікірінше, тыйым салудың орнына ересектерге арналған өнімдер балалар мен жасөспірімдердің қолына түспеудің амалын жасауымыз керек.

Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров та вейп санатын реттеуді жақтады.

Тыйым – панацея емес. Кейбір реттеу шараларын пысықтау қажет. Тыйым салып қойып, отыра беру дұрыс емес.

Сонымен қатар, көршілес Ресейде де дәл осы жол таңдалған – бізде ортақ кедендік кеңістік бар және интеграциялық экономикалық процестер жалғасып жатыр – онда шенеуніктер 21 жасқа толмағандарға вейп сатуға жас шектеулерін енгізді.

Бұл мәселеде басқа елдердің, соның ішінде дамыған және темекі шегуге қарсы күресте белгілі бір жетістіктерге жеткен тәжірибелерді ескеру қисынды. Мәселен, Ұлыбританияда зияны аз вейптер темекіге балама ретінде қарастырылады және оларды мемлекеттік деңгейде қолдайды. Жақында бұл елде темекі шегуге қарсы жаңа шаралар қарастырылып жатқаны айтылған, бұл шара бойынша, 1 миллион темекі шегушіге темекіні тастау үшін тегін вейп берілген.

Бірақ бұл ретте Ұлыбритания билігі кәмелетке толмағандар арасында вейпті сатуға жас шектеулерін заңнамалық деңгейде белгілеуді жоспарлап отыр. Өйткені, жасөспірімдер – электронды темекіден, сондай-ақ кез келген басқа темекі өнімдерінен қорғалуға тиіс адамдар.

2023 жылдың мамыр айының аяғында Ұлыбритания премьер-министрі Риши Сунак Кенттің вейпті сынайтын зертханасына барған болатын.

Бұл ересектерге арналмаған өнімдер. Олар балаларға ұнауға бағытталған. Ол үшін өндірушілер арнайы хош иістер мен дәмдік қоспаларды пайдаланған. Қазір біз халық арасында сауалнама жүргізіп жатырмыз. Бұл балалар арасындағы вейп айналымын азайту үшін жасайтын қадамдардың бірі, - деп атап өткен.

Татьяна Фоминова Қазақстанда бұл тетік темекі мәселесінде бұрыннан пысықталып қойғанын және вейпке қатысты да осы әдісті пайдалану керегін айтады.

Өзгелердің жаңалығы