Ветдәрігерлер қаңғыбас ит пен мысықты аулауға міндетті емес

23 Желтоқсан 2021, 16:58
1776
Бөлісу:
Ветдәрігерлер қаңғыбас ит пен мысықты аулауға міндетті емес

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз мәслихаты барысында Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев хабарлады. 

Оның айтуынша, ветеринариялық дәрігерлер өзіне тән емес міндеттерді атқаруға міндетті емес.

Яғни қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жоюдан босатылып, өздерінің функционалдық міндеттерін орындау үшін ветеринариялық заңнаманы бұзушыларды жауапкершілікке тарту секілді қосымша өкілеттіктер алады. Біз сондай-ақ жеке сектордағы ветеринариялық практиканы дамыту үшін адамдардың денсаулығына қауіп төндірмейтін аурулардың 5 түрі бойынша күресу мен алдын алу жұмыстарын бәсекелестік ортаға беріп, саланы кеңейтпекпіз, - деп атап өтті ведомство басшысы.

Еске сала кетейік, бұған дейін министр Қарашөкеев ветеринар дәрігерлердің жалақысы 68%-ға өсетіні туралы айтқан болатын.

Өзгелердің жаңалығы