Вэнс: АҚШ Ираннан уранды байытудан толық бас тартуды талап етеді

Ақ үй өкілінің сөзінше, бұл талап Иранның болашақта ядролық қару жасауына жол бермеу үшін қажет.

 REUTERS / Jonathan Ernst Бүгiн 2026, 08:11
Бүгiн 2026, 08:11
114
Фото: REUTERS / Jonathan Ernst

АҚШ вице-президенті Джей Ди Вэнс Вашингтон Ираннан уранды байыту мүмкіндігінен толық бас тартуды талап ететінін мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

Оның айтуынша, АҚШ үшін Иранның ядролық қару жасамауы туралы мәлімдемесі ғана жеткіліксіз. Ең бастысы – мұндай мүмкіндікке жол бермейтін нақты тетіктерді қалыптастыру.

Иранның ядролық қаруға ұмтылмайтынын айтуы бір басқа, ал оған нақты кепілдік беретін механизм құру – мүлде басқа мәселе. Соның ішінде олардың уранды байыту мүмкіндігін толық шектеу маңызды, – деді Вэнс Fox News арнасына берген сұхбатында.

Ақ үй өкілінің сөзінше, бұл талап Иранның болашақта ядролық қару жасауына жол бермеу үшін қажет.

Наверх