Венгрияда ыстықтан көлдер тартылып қалды

18 Шілде 2022, 19:52
1382
Бөлісу:
Венгрияда ыстықтан көлдер тартылып қалды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Венгрияда соңғы айлардағы аптап ыстық салдары өзен-көлдерге қатты әсер етуде. Бірнеше аптаның ішінде бірден екі бірдей ірі көл тартылып қалды деп хабарлайды Euronews.

Векери көлі – Дебреценнің көрікті жерлерінің бірі болатын. Алайда құрғақшылықтан бұл жерде енді көл орнына шалшық су ғана қалған. Өткен айда өңірде айлық нормадан 50 мм-ге аз жауын-шашын жауған. 

Тіпті, ірі венгер көлдерінің өзі тартылып қалудың аз-ақ алдында тұр. Олардағы су деңгейі бірден түсіп кеткен. Үкімет ірі өзендерден суды бұру арқылы жағдайды ретке келтіруге тырысып жатыр. 

Елдің оңтүстік-батысындағы Бичерди көлі балығының көптігімен танымал болған еді. Қазір оның құрғап қалған түбі көрініп тұр. 

Құрғақшылық ауыл шаруашылығына да үлкен қауіп төндірді. Биыл 300 мың гектар жүгері мен 200 мың гектар күнбағыс алқабы құрғап қалған. Мемлекеттің шығысында арпа егістігі екі есе кішірейді. 

Венгер агросекторының қаржылай шығыны қазірдің өзінде 1 млрд еуроға жеткен.  

Өзгелердің жаңалығы