Венгрия Қазақстанға не береді? Вице-премьер жауап берді

2 Қараша 2023, 12:03
675
Бөлісу:
Венгрия Қазақстанға не береді? Вице-премьер жауап берді
Фото: Арман Мухатов

Үкімет басшының орынбасары Серік Жұманғарин БАҚ өкілдеріне Қазақстан мен Мажарстанның сауда-экономикалық байланысы туралы айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Сауда байланысы өте жоғары деп айта алмаймын. Себебі былтыр 100 млн АҚШ доллары болды. Биыл 9 айда көрсеткіш 24 пайызға өсті. Оның ішінде көбі Венгриядан келетін импорт. Олардан елімізге сапалы дәрі-дәрмектер мен көкеністер және тағам өнімдері келеді. Осы жылы ғана балықты экспорттауды бастадық. Біз бұрын 67 тонна апарсақ, қазір 120 тонна балық жіберіп отырмыз, – Жұманғарин.

Оның сөзінше, Қазақстан мен Мажарстан тауар айналымында жүрген экспорт пен импортты талдап, тауарлар тізімін айқындаған.

Бірінші кезекте мал шаруашылығының өнімінің экспортын арттыруымыз керек, - деді вице-премьер.

Соынмен қатар Серік Жұманғарин мұның алдында Францияға жылқы етін экспорттау жайлы айтқан болатын.

Еске сала кетейік, бүгін Мажарстан Премьер-министрі Виктор Орбан Астанаға келіп, Қасым-Жомарт Тоқаев Премьер-министрді Ақордада күтіп алған еді.

Өзгелердің жаңалығы