Венгрия шекарасын қайта жапты

30 Тамыз 2020, 14:21
1288
Бөлісу:
Венгрия шекарасын қайта жапты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Венгрия билігі коронавирустың таралуын тежеу үшін 1 қыркүйектен бастап шекарасын жабады, деп хабарлады «Хабар 24»

Бұл әзірге бір айға қабылданған шара. Маусымда Шенген аймағының елдері арадағы жүріс-тұрысқа қатысты шектеулердің көбін жеңілдеткен еді. Енді Венгрия сол уақыттан бері Еуроодақта бірінші болып шекарасын қайта жапқалы жатыр.

Енді бұл мемлекет азаматтары елге кіру үшін коронавирусқа екі бірдей тестің теріс нәтижесін көрсету керек. Жалпы мұнда індетті жұқтыру деректерінің саны 5,5 мыңнан асады. Бұл Еуроодақтың өзге елдерімен салыстырғанда үлкен көрсеткіш емес. Дегенмен, соңғы күндері Венгрияда жаңа оқиғалар саны артып барады. Олардың көбі шетелден келгендермен байланысты.
Өзгелердің жаңалығы