Венеция комиссиясы «Адам құқықтары жөніндегі уәкіл туралы» конституциялық заң жобасын қарастырды

22 Қазан 2022, 20:04
940
Бөлісу:
Венеция комиссиясы «Адам құқықтары жөніндегі уәкіл туралы» конституциялық заң жобасын қарастырды

21-22 қазан аралығында Венеция қаласында (Италия) Еуропа Кеңесінің (Венеция комиссиясы) құқығы арқылы демократияға Еуропалық комиссияның 132-ші пленарлық сессиясы өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жұмыс отырысына елімізден Қазақстаннан Венеция комиссиясының мүшесі, Омбудсмен институты жөніндегі кіші комиссиясының төрағасы-Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның төрағасы Игорь Рогов, Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Эльвира Әзімова және Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің екінші хатшысы Қазақстан Республикасының Италия Республикасындағы Елшілігі Мұхит Тілеужанов қатысты.

Комиссия сессиясының күн тәртібіндегі мәселелердің бірі «Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл туралы» Конституциялық заң жобасын қарастыру болды. Бұған дейін Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің сараптамалық қорытынды беру туралы өтініші осы жылдың тамыз айында комиссияға жіберілген болатын.

Комиссия осы конституциялық заң жобасы бойынша қорытынды жолдап, онда 2021 жылғы 29 желтоқсанда қабылданған қолданыстағы «Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл туралы» заңға берілген бірінші қорытындыдан бірқатар ескертулер ескерілді.

Жалпы, Венециялық комиссия Қазақстанның Адам құқықтары жөніндегі уәкіл институтының құқықтық негізін нығайту жөніндегі күш-жігерін құптап, аталған заң жобасы бойынша бірқатар ұсыныс енгізді.

Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Эльвира Әзімова өз сөзінде республикалық референдум қорытындысы бойынша уәкіл институтына конституциялық мәртебе беру туралы конституциялық өзгерістер қабылданғанын хабарлады. Қабылданған құрылымдық норманы іске асыру үшін институт мәртебесі туралы Конституциялық заң жобасы әзірленді. Қазіргі уақытта ол Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының қарауына енгізілді.

Конституциялық заң жобасын әзірлеу және талқылау процесінде біз үшін оның мазмұнын жақсарту бойынша Венеция комиссиясының осыған дейін жолдаған қорытындысы ерекше қолдау болды. Нәтижесінде, ұсынымдардың 50%-дан астамы конституциялық заң жобасында ескерілді. Комиссия ұсынымдарының қалған бөлігі заңдарды әзірлеуге қатысты қалыптасқан заң тәжірибесін және қабылданған конституциялық заңды қолдану практикасын ескере отырып, консенсус жолымен қарастырамыз деп жоспарлаудамыз, - деп атап өтті Эльвира Әзімова 2022 жылғы 21 қазанда Венеция комиссиясының отырысында сөйлеген сөзінде.

Бұл нәтижелерді Венеция комиссиясы өзінің қорытындысында оң бағалады. Комиссия баяндамашысы Қазақстанның демократияны, құқық үстемдігін, сапалы мемлекеттік басқаруды нығайтуда және адам құқықтары мен негізгі бостандықтарды қорғауда және көтермелеуде маңызды рөл атқаруға арналған ұлттық құқық қорғау мекемесінің мәртебесін нығайтуға дайындығын атап өтті.

Қазақстан Республикасынан Венеция комиссиясының мүшесі, омбудсмен институты жөніндегі кіші комиссияның президенті - Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның төрағасы Игорь Рогов Қазақстан өкілі ретінде Комиссия сарапшыларынан келесі жылдың басында Астана қаласына келуін және конституциялық заңды қолдану тәжірибесін зерделеуге қатысуын сұрауға ниетті екенін. Ол сондай-ақ Қазақстанда жақында екінші конституциялық реформа жүргізілгенін хабарлады. Қазақстан Республикасының Президенті енді 7 жылға, бірақ бір мерзімге ғана сайланады, ал Конституциялық Сот судьяларының өкілеттік мерзімі 6 жылдан 8 жылға дейін ұзартылды.

Венеция комиссиясының басшылығы Қазақстанда болып жатқан өзгерістерге оң баға беріп және қажет болған жағдайда сараптамалық көмек көрсетуге дайын екенін атап өтті.

 Венеция комиссиясы Еуропа Кеңесі жанындағы конституциялық құқық жөніндегі консультативтік орган. Оның міндеттері конституциялық құқық пен адам құқықтарын қорғау мәселелерін қозғайтын заңдар мен олардың жобаларын талдау. Қазақстан 2012 жылдан бастап Венеция комиссиясының мүшесі.

Өзгелердің жаңалығы