Венесуэлада электронды темекіні жасап шығару, қолдану және шетелден тасуға тыйым салынды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бұл туралы осы елдің Денсаулық сақтау министрлігі мәлімдеді. Шара өткен айда президент Николас Мадуроның мұндай құралдар адамға зиянды екенін айтып, оны шектеуге шақырған соң қолға алынған. Шешім жариялана салысымен электрондық темекі сататын дүкендердің бәрі жабылды.
Бұл тыйым елде көп адамды кәсібінен айырып, жұмыссыздар санын арттыруы мүмкін. Сондықтан оны қайта қараған дұрыс шығар. Бірақ елде заң қатаң болғандықтан, барлық саудагерлер бірден дүкендерін жауып, кәсібін тоқтатқан, - дейді дүкен менеджері Луис Эдуардо Лемус.