Алматы, BAQ.KZ. 28 наурыз күні Венесуэла президенті Николас Мадуро COVID-19-ға қарсы вакцинаның өтемін мұнаймен қайтаруды ұсынды. Бұл туралы ТАСС хабарлады.
Венесуэлада мұнай танкерлері бар және олардың мұнай сатып алатын өз клиенттері бар. Ел өз өнімінің бір бөлігін вакцина алуға бөледі. Мұнайды вакцинаға айырбастаймыз, - деді жергілікті телеарнадан сөйлеген президент.
Ресми дерек бойынша елде 156 мың адам қауіпті індетті жұқтырған, ал көз жұмғандар саны - 1 555.
Венесуэла қазіргі кезде вакцинаны Ресей мен Қытайдан алып отыр. Ел билігі AstraZeneca вакцинасынан бас тартқан.