Венада "Евровидение-2026" халықаралық ән байқауының 70-ші маусымы салтанатты түрде ашылды

"Евровидение-2026" аясындағы жартылай финалдық кезеңдер 12 және 14 мамыр күндері өтеді. Сол кезеңдердің қорытындысы бойынша финалға жолдама алғандар анықталады.

 Instagram/eurovision Бүгiн 2026, 08:17
Бүгiн 2026, 08:17
155
Фото: Instagram/eurovision

Австрия астанасы Вена қаласында 10 мамыр кешінде "Евровидение-2026" халықаралық ән байқауының ресми ашылу рәсімі өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ұйымдастырушылардың мәліметінше, салтанатты шара барысында қатысушылар ұзындығы 170 метр болатын көгілдір түсті кілеммен жүріп өтті. Қонақтар мен өнерпаздарды Вена қаласының бургомистрі Михаэль Людвиг пен байқау ұйымдастырушылары қарсы алды.

Айта кетейік, бұл рәсім – байқау аясында барлық қатысушылар бір мезетте жиналатын жалғыз ресми іс-шара.

"Евровидение-2026" аясындағы жартылай финалдық кезеңдер 12 және 14 мамыр күндері өтеді. Сол кезеңдердің қорытындысы бойынша финалға жолдама алғандар анықталады.

Наверх