Вашингтонда Ақ үй маңында атыс болып, бір адам жарақат алды

Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

 depositphotos.com Бүгiн 2026, 07:48
Бүгiн 2026, 07:48
63
Фото: depositphotos.com

Вашингтонда Ақ үй маңында атыс болып, бір адам жарақат алды, деп хабарлайды BAQ.KZ DW порталына сілтеме жасап.

АҚШ Құпия қызметінің мәліметінше, оқиға қаланың орталығындағы 15-ші көше мен Тәуелсіздік даңғылының қиылысында, Ақ үй маңында тіркелген. Бұл орын президент резиденциясынан шамамен 1 шақырым қашықтықта орналасқан.

Оқиғаға байланысты қауіпсіздік шаралары күшейтіліп, Ақ үй аумағы уақытша жабылды. Сол сәтте АҚШ президенті Дональд Трамп ғимарат ішінде шағын бизнес өкілдерімен кездесу өткізіп жатқан. Ол жиынды тоқтатпай, сөзін жалғастырған.

АҚШ Құпия қызметі журналистерді қауіпсіздік мақсатында брифинг залына эвакуациялаған.

Колумбия округінің жедел қызметтері оқиға салдарынан бір ересек адамның ауруханаға жеткізілгенін хабарлады. Сондай-ақ жеңіл жарақат алған жасөспірімге медициналық көмек көрсетілген.

Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Наверх