Шымкентте ер баланы көшеде жүрген жерінен әскери бөлімге алып кеткен

Ер бала көшеде полицейлерді көріп, қашып кеткен.

 Видеодан кадр Бүгiн 2026, 09:03
Бүгiн 2026, 09:03
281
Фото: Видеодан кадр

Әлеуметтік желіде Шымкенттің Чапаевка мөлтек ауданында болған жағдайдың видеосы тарап жатыр. 

Алдын ала мәліметке сәйкес, полиция қызметкерлері мен жергілікті әкімдік өкілдері әскер жасындағы азаматтарды есепке алу мақсатында жоспарлы рейд жүргізген. Сол сәтте жігіт жағдайды қате түсініп, қашуға әрекет жасаған. Қатты қобалжыған ол сүрініп, жерге құлаған. Бұл туралы Otyrar басылымы хабарлады. 

Ресми деректерге сүйенсек, мамандар мән-жайды түсіндіргеннен кейін жігіт жиын пунктіне өз еркімен барған. Дәрігерлер оны медициналық тексерістен өткізіп, әскерге жарамды деп қорытынды шығарған.

Көп ұзамай видеодағы жігіт — қала тұрғыны Ислам Өзжан әлеуметтік желіде мәлімдеме жасап, полиция қызметкерлерінен қорыққандықтан қашқанын айтты. Сондай-ақ қазіргі уақытта әскерге өз еркімен аттанып бара жатқанын жеткізді.

Айта кетейік, полиция бұл жағдай бойынша ешқандай арыз-шағым түспегенін хабарлады.

Наверх